2025 жылғы 12 қараша күні КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты — ваучерлік жүйенің мазмұны мен мақсатын түсіндіру, оның мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне, тәрбиеленушілердің дамуына және ата-аналар қауымына тигізетін ықпалын талқылау болды. Кездесу барысында ата-аналарға ваучерлік қаржыландырудың жұмыс тетіктері, білім беру ұйымдарының қызметін жетілдірудегі артықшылықтары мен жаңа жүйенің тиімді тұстары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, ата-аналар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиналыс қорытындысында ата-аналар берілген ақпаратпен толық танысып, жаңа ваучерлік жүйенің ашықтығы мен тиімділігін атап өтті. Іс-шара ата-аналар мен педагогикалық ұжым арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

No responses yet