Ата-аналар назарына!
КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт өз жұмысын жүргізеді.
Құрметті ата-ана!
Егер сіздің балаңыз мектепке дейінгі ұйымға келмесе, бірақ баланың психологиялық дамуы, мінез-құлқы, эмоциялық жағдайы, қарым-қатынасы, тәрбиесі немесе сөйлеу тіліне қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз кәсіби көмек ала аласыз.
Консультациялық пункт аясында ата-аналар психолог Шомбинова Сауле Бақытбекқызынан баланың жас ерекшеліктеріне сай психологиялық кеңес, практикалық ұсыныстар мен нақты бағыт-бағдар алады. Қажет болған жағдайда әдіскер, логопед және медицина қызметкері тарапынан да кеңес беріледі.
Консультациялық пункттің негізгі мақсаты – балабақшаға қамтылмаған балалардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, бала тәрбиесінде туындайтын мәселелердің алдын алу және ата-ананың педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Балаңыздың жан-жақты, үйлесімді дамуын қаласаңыз –
психолог маманнан консультация алуға шақырамыз!
Келем деуші ата-аналар үшін есігіміз әрдайым ашық.
Консультациялық пункттің жұмыс кестесі:
Сейсенбі – 11:00–13:00
Бейсенбі – 11:00–13:00
Консультациялық көмек тегін көрсетіледі.
КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайы әкімшілігі

No responses yet