Балабақша тарихы

prima vivendum consetetur. Viderer feugiat at pro, mea aperiam

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

Психолог кабинеті – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауға арналған орта.
КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық жұмыстар жүргізуге арналған арнайы жабдықталған психолог кабинеті жұмыс істейді.
Кабинетте балалардың тірек-қимыл қозғалыстарын дамытуға, ұсақ және жалпы моториканы жетілдіруге, сондай-ақ танымдық үрдістерін дамытуға бағытталған заманауи құрал-жабдықтар қарастырылған. Атап айтқанда, баланың есте сақтауын, зейінін, қабылдауын және ойлау қабілетін дамытуға арналған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.
Психологиялық кабинет фибероптикалық модульмен жабдықталған. Бұл құрал баланың эмоциялық жай-күйін тұрақтандыруға, сенсорлық қабылдауын жақсартуға және жүйке жүйесін босаңсытуға ықпал етеді.
Психолог Аяужан Алтайқызы балалардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып:
тірек-қимыл дағдыларын дамыту;
моториканы жетілдіру;
зейін, есте сақтау, қабылдау сияқты танымдық үрдістерді қалыптастыру;
эмоциялық тұрақтылықты дамыту бағытында түзете-дамыту жұмыстарын жүргізеді.
Психолог кабинетіндегі жұмыс баланың жан-жақты дамуына, өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуіне, әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *