ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 10 қазанында «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында ШҚО балабақша педагогтерінің облыстық III слёті. Слёт балабақша басшылары мен педагогтерінің қызметіне қолдау көрсетуге; кәсіби ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнатуға; педагогикалық қызметтің беделін кеңейтуге бағытталды. КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайы» бүлдіршіндері «Біз бақытты баламыз» атты музыкалық сәлемдерімен ән-шашу жолдап, ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының бөлім басшысы Касенова С.К., ШҚО ББ Тарбағатай ауданы білім бөлімінің басшысы Дауытбаева С.Н. слётті құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларына сәттілік тіледі. Арнайы шақырылған облыстың мектепке дейінгі тәрбие саласының ардагерлеріне сіңірген еңбектері, қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектері және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін Алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Слётті әрбір аудан-қалалардан келген командалар өздерін таныстырумен жалғастырып, «Балабақшада цифрлық технологияларға негізделген заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру» тақырыбындағы үй тапсырмаларын қорғады. Слёт аясында ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК базасында балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері, пән мамандарына арналған «Ұлттық құндылықтар біртұтас тәрбиенің негізі» тақырыптарында ұйымдастырылған тәжірибелік алаңдарда Тарбағатай ауданының балабақша педагогтері мен ШҚО Абай атындағы педагогикалық колледжі студенттері мен оқытушылары шеберлік сыныптарын көрсетіп, қатысушларға озат тәжірибелерімен бөлісуге, пікір алмасуға мүмкіндік берілді. Слёт жұмысын ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері Қырықбаева А.Қ. қорытындылап, барлық қатысушылардың жоғары дәрежедегі дайындықтарымен келгендерін атап өтіп, еңбектеріне табыс тіледі.

No responses yet