18.10.2024 жылы КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында «Барымыз балаларға» атты қайырымдылық акциясы өтті. Мерекелік кешіміздің мақсаты: қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту.
Мерекеге балабақша қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің төрайымы, мүшелері, ауданымыздың беделді азаматтары, кәсіпкерлер, ата-аналар қатысты.
Қайырымдылық акциясына бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, барлық топ ата-аналары мен балабақша қызметкерлері жәрмеңке ұйымдастырды.
Кеш қонақтары балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге ат салысып, ыстық ықылас, аялы алақанмен балғын бөбектерге жомарттық танытып, қаржылай көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясына демеушілік көрсетіп, өз үлестерін қосқан Қажыкенов Бақытжан Төлеуханұлы, Тұрабаев Жайлаухан Қозыханұлы, Шағалақов Ермек Серікұлы, Сайханов Асхат, Тулесова Роза, Оралова Аяулым, Шакеров Дәулет, Сейілжанова Альмира, Жанибекова Нургульге балабақша ұжымының атынан зор алғысымызды білдіреміз!

No responses yet