2025 жылғы 5 наурыз күні балабақшамызда ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, әке мен қызы арасындағы ерекше байланысты дамыту мақсатында «Қызым – өмірімнің гүлі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бұл игі шарада әкелер мен аяулы қыздары бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Әке мейіріміне бөленген балдырғандар бұл кештен үлкен әсер алды.
Мерекелік жиында ерекше белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттармен және мадақтамамен марапатталды.
Шараға белсене қатысқан әкелері мен қыздары:
«Шуақ» ортаңғы тобы – Балташ Толғанай Әсетқызы, әкесі Кудабаев Асет Балташиевич «Балақан» ортаңғы тобы – Баяхметова Айя Асланқызы, әкесі Баяхметов Аслан Келгенбайұлы
«Жұлдызша» ортаңғы тобы – Нагманова Аяла Бауыржанқызы, әкесі Торгузов Бауыржан Нагманович
«Балбөбек» ересек тобы – Тоқтарбек Раяна Қуанышқызы, әкесі Мулик Қуаныш Тоқтарбекович
«Балапан» ересек тобы – Ербол Зарина Нұрболқызы, әкесі Тұрсынов Нұрбол Ерболұлы
«Ақкөгершін» ересек тобы – Шайзада Хадижа Асхатқызы, әкесі Жапанов Асхат Шайзаданович.
Әкенің қолдауына сүйенген әр бала өз болашағына сенімді, мейірімді, әрі рухани бай болып өседі. Осындай мағыналы шаралар ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлін айшықтап, отбасы құндылықтарын нығайтуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

No responses yet