18 сәуір күні КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында құзіретті орталық және мобильді топтың жоспарына сай Тарбағатай ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен даярлық сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Экологиялық білімге бағытталған STEM технологиясы» тақырыбында аудандық тәжірибелік алаң өтті.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру процесінде STEM технологияларын қолданудың маңыздылығы мен тиімділігін түсіндіру, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру және балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда STEAM әдістерінің рөлін көрсету.
Көрсетілген зерттеу жұмыстары:
КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайы» тәрбиешілері А.Ляшова – «STEM технологиясын қолданудың тиімділігі»
А.Жумагулова, А.Актайлакова – «Балабақшадағы STEM: бала қиялын дамытуға бағыт»
Ж.Бердикожанова, Л.Тусипова – «STEM арқылы – салауатты болашаққа»
Қ. Төбелбасова – «Экологиялық білімге және тәрбиеге баулу» – КМҚК «Жасұлан» бөбекжайы
Ж. Миллятханов – «Жануарлар жауынан қалай қорғанады?» – Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі, даярлық сынып мұғалімі
Осындай іс-шаралар білім беру саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарына жол ашады.
Аудандық білім бөлімінің бөлім әдіскері Б.Кыдырбекова қорытындылай келе педагогтерге сертификаттар табыстады. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!





No responses yet