Балабақша тарихы

prima vivendum consetetur. Viderer feugiat at pro, mea aperiam

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайының педагогы Алмира Сейтбекқызы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды! Бұл жоғары мемлекеттік марапат-ұстаздық жолына адалдықпен еңбек еткен, жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан Алмира Сейтбекқызының еңбегіне берілген лайықты баға. Еңбек жолында тек үлгілі педагог қана емес, бірнеше жыл әдіскерлік қызмет атқарып, талай жас маманның кәсіби шыңдалуына бағыт-бағдар беріп, ұстаздардың талай буынын тәрбиелеген білікті маман ретінде танылды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жас мамандарға үлгі бола білген ұстаздың парасатты болмысы, шәкіртке деген жанашырлығы мен адамгершілік ұстанымы әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Ұжым атынан шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Еңбегіңіздің жемісін көріп, құрметінің биігінен көріне беріңіз. Зейнеткерлікке шықсаңыз да, өнегелі өмір жолыңыз бен ұлағатты тәліміңіз кейінгі буынға әрқашан үлгі болары анық. Марапатыңыз құтты болсын!

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *