Балабақша тарихы

prima vivendum consetetur. Viderer feugiat at pro, mea aperiam

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

22 қазан 2025 жылы Қазақстан ауылындағы КМҚК «Қарлығаш» бөбекжайында Құзыреттілік орталығы мен мобильді топтың жоспарына сәйкес «Цифрлық білім беру технологияларының балалардың шығармашылық дағдыларын дамытудағы тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті.

Іс-шараға Тарбағатай ауданына қарасты мемлекеттік және жекеменшік балабақша педагогтері қатысып, мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін талқылап, оларды тиімді қолданудың жолдарын ұсынды.

Тәжірибелік алаң барысында кәсіби біліктіліктерін ұсынған педагогтер:

А. Жаманбаева – «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде цифрлық технологияларды пайдалану маңыздылығы»

М. Қасымова – «Функционалдық сауаттылықты дамытуда цифрлық ресурстарды қолдану»

А. Зейнелова – «Үй және жабайы жануарларды жандандыру арқылы баланың шығармашылығын дамыту»

М. Тлебалдина – «Цифрлық ART технологиясының балалар шығармашылығын дамытудағы тиімділігі»

Ж. Ақанова – «Цифрлық сауаттылық – заманауи тәрбиешінің құзыреттілігі»

М. Заканова – «Теңіз әлемі – шығармашылық пен қиялды дамытудың тиімді ортасы»

Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына ықпал етіп, цифрлық сауаттылықты дамыту бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге серпін берді.

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *