22 қазан 2025 жылы Қазақстан ауылындағы КМҚК «Қарлығаш» бөбекжайында Құзыреттілік орталығы мен мобильді топтың жоспарына сәйкес «Цифрлық білім беру технологияларының балалардың шығармашылық дағдыларын дамытудағы тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті.
Іс-шараға Тарбағатай ауданына қарасты мемлекеттік және жекеменшік балабақша педагогтері қатысып, мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін талқылап, оларды тиімді қолданудың жолдарын ұсынды. Осы іс-шараға «Балауса-Балғын» бөбекжайының тәрбиешісі Тлебалдина Мархаббат Бақытбекқызы қатысып, белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

No responses yet