КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында алтын күз мерекесіне арналған дәстүрлі «Алтын күз-2025» сайысы жоғары деңгейде өтті. Сайысқа ересек және ортаңғы жастағы топтар белсене қатысып, өздерінің өнерлерін, шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – «Балдәурен» ортаңғы тобы және «Жұлдызша» ересектер тобы
ІІ орын – «Қарлығаш» ортаңғы тобы және «Балақан» ересектер тобы
ІІІ орын – «Шуақ» ересектер тобы
«Сән үлгісі» номинациясы бойынша:
Бас жүлде – «Балақан» ересектер тобы
І орын – «Жұлдызша» ересектер тобы
ІІ орын – «Қарлығаш» және «Балдәурен» ортаңғы топтары
ІІІ орын – «Шуақ» ересектер тобы
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Балалардың белсенділігі мен шығармашылығы, ата-аналардың қолдауы мен ынтымақтастығы сайыстың жоғары деңгейде өтуіне негіз болды. Күз-молшылық пен берекенің, еңбектің және табиғат сұлулығының мезгілі. Осындай тәрбиелік мәні зор мерекелік шаралар балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Қатысқан барлық топтарға алғыс айтамыз! Бірлігіміз жарасып, шығармашылық табыстарымыз арта берсін!

No responses yet