2025 жылдың 14 қарашасында Тұғыл ауылындағы КМҚК «Жасұлан» бөбекжайында құзыреттілік орталық пен мобильді топтың жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім керуені: тәрбиешілердің авторлық бағдарламаларын құрастыру мен жинақтаудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті. Тәжірибелік алаңда Балауса-Балғын бөбекжайының музыка жетекшісі Ахметова Аймангүл Зарлыкановна «Мектепке дейінгі ұйымдағы музыка жетекшілеріне және тәрбиешілерге арналған әндер жинағы» тақырыбында баяндама жасап, Тарбағатай аудандық білім бөлімі тарапынан сертификатпен марапатталды. Айман Зарлықанқызына шығармашылық табыс, жаңашыл идеяларға толы сәттілік тілейміз.

No responses yet