2025 жылдың қараша айында КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін шыңдап, шығармашылық ізденісін арттыру, озық тәжірибені насихаттау мақсатында балабақшаішілік «Үздік балабақша тәрбиешісі – 2025» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты– заманауи білім беру талаптарына сай тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға ынталандыру және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Байқауға қатысқан тәрбиешілер өздерінің жаңашыл идеяларын, шығармашылық көзқарасын көрсетіп, білім беру процесін ұйымдастырудағы жоғары шеберліктерін танытты.
Нәтижесінде:
Бас жүлде – Жумагулова Айнур Оралбековна
I орын – Байсолтанова Айнур Канатовна
II орын – Жархынова Ақмарал Жархынқызы, Дінмұқанбетова Айымгүл Дінмұқанбетқызы
III орын – Актайлакова Алтайгуль Ильясовна, Тлебалдина Мархаббат Бақытбекқызы
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

No responses yet