14 наурыз-Көрісу күні!
Балабақшамызда 14 наурызда Көрісу күні ұйымдастырылды. Бұл күн-қазақ халқының бай дәстүрі, достық пен татулықты, жақсылық пен ізгілікті нығайтатын ерекше мереке. Көрісу күні қарсаңында балабақшамызға ел ағалары, ақсақалдар алқасы мен ауылымыздың ақ жаулықты әжелері келіп, жылы лебіздерін білдіріп,ақ батасын берді. Бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалап, тұсау кесер рәсімінің куәсі болды.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз!
No responses yet