15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай балабақшамызда «Наурыз базарлық» атты акция ұйымдастырылып, мұқтаж үш отбасыға азық-түліктер табысталды. Бұл игі шараның мақсаты – қоғамда мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттау.
Қайырымдылық – үлкен жүректің ісі. Баршаңызды осы күнмен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, шаттық пен береке тілейміз! Акцияға қолдау көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз.
No responses yet