Балабақшада 8 Наурыз мерекесіне орай «Қарлығаш» және «Балдәурен» кіші топтары, сондай-ақ «Балдырған» және «Бүлдіршін» ерте жас топтары арасында «Ана – өмірдің гүлі» атты тақырыптық іс-әрекеттер өтті. Мақсаты: аналар мен қыздардың қоғамдағы маңызын көрсету, оларға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін арттыру, балаларды ананы қадірлеуге тәрбиелеу.
Барша аналарымыз бен аруларымызға зор денсаулық, шаттық пен қуаныш тілейміз! Ана – өмірдің нұры, жүрегіміздің жылуы, мәңгілік махаббаттың символы. Ана өмірдің гүлі болсын, әрқашан күлкісі мен қуанышы мол болсын!
No responses yet