22 наурыз мерекесі Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен тойлануда! Көне дәуірден тамыр тартқан бұл ұлы мереке – көктемнің келуі, табиғаттың жаңаруы, жақсылық пен жасампаздықтың бастауы. Ақжар ауылында мерекелік көңіл-күй орнап, ұлттық киім киген жұрт, ән-күй мен думан, наурыз көже мен ұлттық тағамдар, алтыбақан мен спорттық жарыстар – бәрі Наурыздың шынайы рухын сезіндіруде! Балабақша ұжымы Ұлыстың ұлы күні – *Наурыз мерекесіне* орай ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып жетістіктерге жетті! Көрініс сайысында – 1-орын, киіз үй сайысында – 2-орын иеленіп, өздерінің ұйымшылдығы мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Ұжымымыз ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, салт-сананы насихаттауда ерекше белсенділік танытты. Киіз үйіміздің безендірілуі, ұлттық нақыштағы бұйымдар мен тағамдар, көріністегі актерлік шеберлік әділқазылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке, молшылық пен шаттық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Наурыз құтты болсын!
No responses yet