КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында «Тәрбиенің ең тамаша ортасы – отбасы» тақырыбында ата-аналармен тренинг өтті. Мақсаты: Баланы жан-жақты дамытуда ата-ананың белсенділігін арттыру, балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Тренингте «Нейрожаттығулар» Кажаева И.К., «Арт терапия» Тлебалдина М.Б. «Танымдық қабілеттерін дамыту» Сейтказина З.Ж. «Ұсақ қол моторикасын дамыту» Қызырбекова Ш.Қ. «Тыныс алу жатығулары» Хабибуллина Г.Н. «Жалпы моториканы дамыту» Мукашева А. «Жасанды интеллект түрлері» Шомбинова С.Б тақырыптарында балалармен ойын жаттығулар көрсетіп, ата-аналарға баланы үй жағдайында жан-жақты дамытуға кеңестер берілді.

No responses yet